Қоғам

Қазақстанда биыл 30 бала терезеден құлап қаза тапты

Сурет: Aikyn.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, биыл елімізде 30 бала терезеден құлап қаза тапқан, тағы 235 бала жарақат алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың айтуынша, ата-аналар москит торын қауіпсіз деп санайды. Алайда мұндай тор баланың салмағын көтере алмайды, сондықтан бала тормен бірге құлауы мүмкін.

Мамандар кішкентай балалары бар отбасыларға терезелерге арнайы құлыптар мен бекіткіштер орнатуды, терезе тұтқаларының жарамдылығын үнемі тексеруді ұсынады. Сондай-ақ баланың терезе алдына өздігінен шығып кетуіне жол бермеу үшін жанына төсек, орындық немесе басқа жиһаз қоймаған жөн.

ТЖМ өкілдері балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмауды ескертеді, өйткені бірнеше секундтық абайсыздық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Көп оқылғандар