Сурет: gov.kz
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер енді eGov Mobile қосымшасы арқылы жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханға онлайн тіркеле алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қызмет қосымшаның басты бетіндегі танымал қызметтер тізіміне енгізілген. Өтінім беру үшін автомектепте оқығаны туралы дерек жүйеде расталуы шарт.
Тіркелу барысында жүйе алдымен медициналық анықтаманы және автомектепті бітіргені туралы мәліметті тексереді. Содан кейін үміткер жүргізуші куәлігінің санатын таңдап, емтиханға жазыла алады.
ІІМ мәліметінше, автомектепте оқуды аяқтағаны туралы ақпарат мамандандырылған ХҚО-ларға электронды түрде жіберіледі. Жүйе бұл деректерді таппаса, азамат оқу орнына хабарласып, мәліметтің тиісті органдарға жолданғанын нақтылауы қажет.
Еске сала кетейік, елімізде жүргізуші куәлігі мен көлік нөмірін үйге тапсырыспен алуға болады.
Мазмұнға өту
