Сурет: Мейіржан Амангелдиев
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Иран командасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Қола жүлдені Ирак құрамасы иеленді.
Қазақстан командасы жарысты сәтті бастады: алғашқы ойында Таиланд құрамасын жеңді. Кейін Иранмен кездесіп, 0:3 есебімен жеңілді. Жартылай финалда Ирак құрамасын 3:2 есебімен ұтып, финалға шықты. Финалда тағы да Иран волейболшыларымен чемпион атағы үшін таласып, жеңіліс тапты.
Мазмұнға өту
