Сурет: ашық дереккөзден
Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалықтарға дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын айналып өтіп, тікелей үндеу жасауына мүмкіндік беретін Trump TV жеке арнасын іске қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Арнаның Ақ үй сайтындағы және YouTube платформасындағы алғашқы тікелей эфирін шамамен 8 мың адам көрген. Алайда бір жарым сағаттан кейін аудитория екі есеге азайып, кешкі сағат 21:00-ге қарай көрермендер саны 3 мыңға дейін төмендеген.
Ал сейсенбі күнгі прайм-тайм кезінде эфирді шамамен 1,3 мың адам тамашалаған. Сонымен қатар Trump TV-дің YouTube-тағы арнасына қазірдің өзінде 3,2 миллион адам жазылған. Арна эфирінен Дональд Трамптың сөздері мен мәлімдемелері, деректі фильмдер және өзекті оқиғалар көрсетіледі.
Trump TV-дің іске қосылуы Трамптың CNN, MS NOW және Politico басылымдарымен арадағы дауынан кейін болды. Аталған медиалардың қызметкерлері Ақ үйден шығарылған. Қазір бұл басылымдар қабылданған шешімге қатысты сот арқылы шағымданып жатыр.
