Басты тақырып

Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады

Сурет: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Президент NVIDIA басшысының сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Ол Дженсен Хуангқа отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

– NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атап, биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайтынын жеткізді. Оның айтуынша, халқымыз аталған компанияның отандық технологиялық жобаларға атсалысқанын құп көреді.

Көп оқылғандар