Сурет: Никита Басов
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 3×3 баскетболдан әйелдер жарысының топтық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы «А» тобындағы соңғы кездесуінде Катарды 17:8 есебімен тізе бүктірді. Осы нәтиженің арқасында отандастарымыз өз тобында екінші орынға тұрақтап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
1/8 финалда Қазақстан Сингапурмен күш сынасады. Бұл матч ертең, 24 қыркүйекте өтеді.
Азиададағы басқа жарыстарға келсек, әзірге соңғы жүлдені у-шудан Әлижан Аблағатов жеңіп алды. Ол қола медаль иеленді. Бұл – спорттың осы түрінен еліміздің Азия ойындарындағы тұңғыш жүлдесі.
