Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тасжол жарысында B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен екінші орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 55 шақырымды 2 сағат 5 минут 47 секундта жүріп, алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова мен оның пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс медальға қол жеткізді.
Азия Пара ойындарында дзюдо, жүзу және жеңіл атлетикадан сынға түсіп жатқан отандастарымыз да жүлде алудан қалыспай келеді.
Мазмұнға өту
