Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу финалында ол 1 минут 1,98 секунд нәтижемен бірінші болып мәреге жетті. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық Азия рекордынан жоғары.
Күміс жүлдені Жапония спортшысы Акито Мина (1:05.13), қоланы оның отандасы Юмето Идо (1:07.64) иеленді.
Бұл Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Бұған дейін Диас Кенжебек кешенді жүзуден 200 метр қашықтықта 2 минут 21.61 секунд нәтижемен күміс медаль алған болатын.
Сондай-ақ бүгін пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдегер атанды.
Мазмұнға өту
