Спорт

Данил Голубенко Thunderpick World Championship 2026 жеңімпазы атанды

Сурет: HLTV

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (Molodoy лақап атымен танымал) Counter-Strike 2 ойыны бойынша Thunderpick World Championship 2026 турнирінде чемпион атанды. Ол Бразилияның FURIA командасы сапында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

18 қазанда өткен финал бес картаға созылды. FURIA алғашқы картада жеңіске жеткенімен, келесі екі картада қарсыласына есе жіберді. Дегенмен команда соңғы екі ойынды ұтып, чемпиондық атақты иеленді. Данил Голубенко финалда команданың ең нәтижелі ойыншысы болды.

Thunderpick World Championship – Counter-Strike 2 ойынынан жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық турнир. Биылғы жарыс 14-18 қазан аралығында Мальтаның Аттард қаласында өтті. Турнирге әлемнің үздік сегіз командасы қатысып, 1 миллион долларлық жүлде қорын сарапқа салды.

FURIA турнирде екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр. Команда 2025 жылы да бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Еске сала кетейік, жақында Данил Голубенко халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанған еді.

Көп оқылғандар