Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Сакен Мырзакулов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сакен Қазбекұлы Мырзакулов 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2013 жылы гинеколог дәрігер ретінде бастаған. Түрлі медициналық мекемелерде қызмет атқарған. Әр жылдары Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты лауазымдарды атқарған.
Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
Мазмұнға өту
