Жайық news

Оралда су жабдықтарын сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыруға әрекет жасалды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің ауыз суды залалсыздандыру жабдықтарын жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алулары кезінде бюджет қаражатын жымқыруға әрекет жасалғаны туралы сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сот-тауартану сараптамасының қорытындысы бойынша жабдық құнының нарықтық бағадан асып кету сомасы 421 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Лауазымды тұлғалар ұсталған жоқ.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған сотқа дейінгі тергеу «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің негізгі қызметіне, оның ішінде қызметкерлердің жалақысын кешіктіруге әсер етпейтінін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Көп оқылғандар