Сурет: Мейіржан Амангелдиев
Бүгін ерлер арасында кешенді жүзуден өткен финалда Диас Кенжебек 200 метр қашықтықты 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарыста жапониялық Минай Акито 2:18.11 секунд нәтижемен бірінші орынды иеленді. Үшінші орынды 2:23.44 секунд уақыт көрсеткен ирандық Сина Зейхаминиджад алды.
Бүгін Қазақстан қоржыны төртінші алтын жүлдемен толықты: пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза чемпион атанды.
Бұған дейін пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы J2 санатында 70 келі салмақта үздік шыққан. Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алып, құрлықтық рекордты жаңартты.
Пара Азия ойындарындағы алғашқы жүлдені оқ атудан пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды.
Мазмұнға өту
