Сурет: KAZ PARA JUDO
Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. V Азия Пара ойындарының екінші күнінде пара дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Бексұлтан Құлмырза чемпион атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Бұған дейін пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында J2 санатында 70 келі салмақта топ жарған болатын.
Сондай-ақ Қазақстан пара үстел теннисінен алғашқы жүлдесін иеленді.
Мазмұнға өту
