Спорт

Шахмат Олимпиадасы: қазақстандық әйелдер Германияны жеңді

Сурет: ТСМ

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Шахмат Олимпиадасының бесінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Германияны 1 ұпай басымдығымен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бес сағатқа созылған ойында Меруерт Камалиденованың жеңісі шешуші болды. Бұл жеңіс отандастарымыздың жеңісті сериясын жалғастырды.

Басқа партиялар: Бибісара Асаубаева – Динара Вагнер, Меруерт Камалиденова – Ханна Мари Клек.

Ерлер құрамасы бастапқы рейтингте 62-орындағы Эстониямен тең түсті. Сауат Нұрғалиев – Кирилл Чукавин партиясы ойналды.

Ертең 6-тур ойындары басталады.

Көп оқылғандар