Сурет: ашық дереккөзден
Қазақстанда қала халқының үлесі 64,2%-ды құрады. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, соңғы алты жылда бұл көрсеткіш 5,2 пайыздық тармаққа артқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындарының үлесі ең жоғары өңірлер: Қарағанды облысы – 82,8%, Ұлытау облысы – 79,7%, Ақтөбе облысы – 76,7%, Павлодар облысы – 71,7%, Шығыс Қазақстан облысы – 67,9%.
Бұл өңірлердің көбісі өнеркәсібі дамыған аймақтар. Аталған қалалар тарихи тұрғыдан ірі кәсіпорындар мен кен орындарының маңында қалыптасып, дамыған.
Сарапшылардың бағалауынша, 2024–2026 жылдары қала халқының үлесі әсіресе қарқынды өскен.
