Жайық news

6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Сурет: ашық дереккөз

9 қазан күні Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында, сондай-ақ түнде Жезқазғанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) қосындысы. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Бұған дейін 9 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.

Көп оқылғандар