Спорт

Нариман Құрбанов әлем чемпионатында төртінші орынға ие болды

Сурет: ҰОК

Спорттық гимнастика шебері Нариман Құрбанов Нидерландтың Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатында төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалда 14,933 ұпай жинады. Бұл нәтиже жүлделі орынға жетуге жеткіліксіз болды.

Әлем чемпионы атағын 15,300 ұпаймен Армения гимнасты Гамлет Манукян иеленді. Италиялық Габриэле Таргетта 15,233 ұпаймен күміс медаль алса, тағы бір армениялық спортшы Мамикон Хачатрян 15,000 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Нариман Құрбановқа қола медальға қол жеткізу үшін небәрі 0,067 ұпай жетпей қалды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде төртінші орынға тұрақтады.

Көп оқылғандар