Спорт

Айдос Сұлтанғали мен Исхар Курбаев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сурет: ҰОК

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі балуаны жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали әзербайжандық Мурад Маммадовты 4:1 есебімен жеңді. Ал 55 келіде Исхар Курбаев молдовалық Артем Делеанудан 5:1 есебімен басым түсті.

Енді қос балуан да финалға шығу үшін белдеседі. Жартылай финалдық кездесулер бүгін сағат 19:00-де басталады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде төртінші орынға тұрақтады.

Көп оқылғандар