Сурет: видеодан алынған кадр
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламаны орындап, 80,25 ұпай жинады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осы нәтижемен отандасымыз 12 спортшының арасында аралық төртінші орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламадан кейін француз спортшысы Адам Сяо Хим Фа 102,46 ұпаймен көш бастап тұр. Эстониялық Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орынға орналасса, оңтүстік кореялық Минкю Со 83,83 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Ерлер арасындағы еркін бағдарлама ертең өтеді.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров үшін 2026/27 жылғы маусым Олимпиада алтынынан кейінгі алғашқы маусым болмақ. Ақпан айында Италияда өткен Олимпиадада отандасымыз 291,58 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.
Мазмұнға өту
