Сурет: BILD
Аргентинаның оңтүстігіндегі жағалауларға соңғы апталарда жүздеген өлі оңтүстік китінің төлі шығып қалды. Әсіресе Чубут провинциясында өлекселер көбейген. Алғашқы жағдайлар маусым айында тіркеле бастаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдардың болжамынша, киттердің қырылуына теріде ауырсыну мен жоғары қызуды тудыратын ауыр бактериялық инфекция – тілме себеп болуы мүмкін.
Теңіз биологы Мариано Косарселланың айтуынша, өлім табиғи факторлардан болуы ықтимал, алайда адам әрекетінің әсерін әзірге толық жоққа шығаруға болмайды.
Пуэрто-Мадрин қаласы мен жақын маңдағы Вальдес түбегі – оңтүстік киттерінің көбеюі үшін маңызды аймақ. Былтыр мұнда рекордтық 2110 кит, оның ішінде 800 төл есепке алынған. Биыл 1375 жануар тіркеліп, олардың 400-ге жуығы төлдер. Дегенмен зерттеушілер қазіргі өлім-жітімді популяцияға төнетін қауіп деп бағаламайды.
Оңтүстік киттері орта есеппен 60 жылдан астам өмір сүреді.
Еске салайық, Қытай ғалымдары Аустралияның оңтүстік-батыс жағалауында теңіз жануарларының 10 миллионнан астам қалдығы болуы мүмкін алып кит зиратын тапқан.
