Сурет: prosports.kz
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ойнайтын «Бернли» клубы Чемпионшиптің 12-турында «Линкольнмен» сырт алаңда кездесетін матчқа қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Бернлидің» бастапқы құрамына Кудер, Уолкер, Аллейн, Хатате, Дастан Сәтпаев, Экдаль, Рамазани, Пирес, Броя, Лорен және Игор кірді. Осылайша, қазақстандық футболшы кездесуді бірінші минуттан бастайды.
Матч бүгін, 24 қазанда, Линкольн қаласындағы «Синсил Бэнк» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
«Бернли» сапында алты матч өткізген Дастан Сәтпаев әзірге гол соғып, нәтижелі пас бере алған жоқ.
Өткен турда «Бернли» өз алаңында «Вулверхэмптонға» 1:2 есебімен есе жіберді. Ал «Линкольн» сырт алаңда «Миллуоллмен» 2:2 есебімен тең түсті.
Қарсыластардың өзара кездесу қарсаңындағы ұпай саны: «Бернлиде» – 8, «Линкольнда» – 12 ұпай.
Айта кетейік, «Бернли» бапкері Дастан Сәтпаевты алаңға неге аз шығарып жүргенін түсіндірді.
Мазмұнға өту
