Қаржы

25 қазанда доллар 451,05 теңге, еуро 504,95 теңге болды

Сурет: magnific.com

25 қазанда Қазақстандағы ресми валюта бағамы бойынша 1 доллар 451,05 теңге, еуро 504,95 теңге, рубль 5,6 теңге деп белгіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада долларды орташа есеппен 450 теңгеден сатып алып, 457 теңгеден сатуға болады. Еуроны 504 теңгеден алып, 514 теңгеден сатады. Рубльдің сатып алу бағамы – 5,4 теңге, сату бағамы – 5,6 теңге.

Алматыда доллар 451,07 теңгеден сатып алынып, 453,57 теңгеден сатылуда. Еуро 505,22–510,05 теңге аралығында, рубль 5,37–5,5 теңгеден саудалануда.

Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап елімізде мерзімі 12 айдан асатын шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 1%-дан 2,5%-ға дейін өсті. Басқа валюталық салымдардың мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды.

Көп оқылғандар