Қаржы

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі 38%-ға өсті

Сурет: istockphoto.com

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға артық, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қыркүйекте елде 19 377 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 66,4%-ға, ал биылғы тамызбен салыстырғанда 35,5%-ға жоғары.

Елде автокөлік өндіретін 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Жеңіл автокөлік өндірісінің басым бөлігі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі — олардың үлесі тиісінше 50,5% және 49,5%.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында «Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санатындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Осы санат бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9%-ды құрады.

Қыркүйек айында аталған санаттағы өнім көлемі 198,4 млрд теңге болды. Бұл 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,5%-ға артық.

Бұған дейін Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жаратуға тапсырып, орнына жаңа көлік сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын беру бағдарламасы іске қосылды деген ақпарат жоққа шығарылғаны хабарланған болатын.

Көп оқылғандар