Сурет: ашық дереккөз
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты 18 жасқа толған соң дереу жұмсау шарт емес, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, ақша жинақ шотында 10 жыл бойы сақталады. Осы мерзім ішінде азаматтар қаражатты толық немесе бөліп жұмсай алады.
Егер 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, қаражат сол азаматтың жеке зейнетақы шотына аударылады.
Айта кетейік, бағдарлама бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 млрд доллар аударылған.
Мазмұнға өту
