Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
SMS-хабарламалар жіберілген соң 200-ден астам тұрғын мұқтаж еместігін алға тартып, жәрдемақы алудан өз еркімен бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әл-ауқаты жоғары, әлеуметтік көмекке мұқтаж емес азаматтарға арналған онлайн-сервис жобасын таныстырды. Оны eGov Mobile мобильді қосымшасына орналастыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар министрлік пен әкімдіктер жүйе әл-ауқаты жоғары санатқа жатқызған отбасылар туралы мәліметтерді қосымша тексеріп жатыр. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша министрліктің жұмыс тобы өңірлерге барып, аумақтық департаменттер базасында кеңес беріп отыр.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың бір бөлігі отбасының мұқтаждық деңгейі ескеріле отырып тағайындалады. Бұл шектеулер А және В санаттарына жататын төлем алушыларға қатысты болады.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының әл-ауқат деңгейі қандай өлшемдер бойынша анықталатынын егжей-тегжейлі түсіндірген болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда материалдық жағдайы тұрақты азаматтар әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж отбасыларға бағытталуы маңызды екенін айтып, мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тарту туралы шешімдерін әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.
Мазмұнға өту
