Қоғам

Астанада 12 бағыт бойынша автобус саны артады

Сурет: ашық дереккөз

19 қазаннан бастап Астанада 12 қалалық бағдарда жұмыс күндері қатынайтын автобус саны 29 бірлікке артады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

City Transportation Systems (CTS) компаниясы қай бағдарларға қанша автобус қосылатынын нақтылады. Атап айтқанда, №13 бағдарда 14-тен 16-ға, №20 бағдарда 19-дан 21-ге, №21 бағдарда 17-ден 20-ға, №31 бағдарда 12-ден 15-ке, №41 бағдарда 14-тен 18-ге, №44 бағдарда 16-дан 18-ге, №58 бағдарда 18-нен 20-ға, №60А бағдарда 11-ден 13-ке, №60Б бағдарда 11-ден 13-ке, №62 бағдарда 17-ден 20-ға, №501 экспресс-бағдарда 12-ден 14-ке, №503 экспресс-бағдарда 12-ден 14-ке дейін көбейеді.

Автобус санының артуы күту уақытын қысқартып, сапарларды ыңғайлы етеді.

Бұған дейін елордада 16 қалалық бағыттағы автобустар саны 32 бірлікке артатынын, өзгерістер 10-12 қазаннан бастап енгізілетіні туралы хабарлаған едік.

Көп оқылғандар