Басты тақырып

Тоқаев: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде Қазақстанның бірегей биоалуантүрлілігін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент табиғат байлығын сақтау – халық пен халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілік екенін жеткізді. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында көрініс тапқан. Ел тарихында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттілік негіздерінің бірі ретінде Ата заңда бекітілген. Енді азаматтар табиғат пен оның ресурстарын қорғауға міндетті. Сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі болып белгіленді. Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек.

«Табиғаттың осы сыйын сақтау – жұрт алдындағы борышымыз, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігіміз. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында айқын көрініс тапты. Ел тарихында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде Ата заңымызда бекітілді. Енді азаматтар табиғат пен оның ресурстарын көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. Бұдан бөлек, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі ретінде белгіленді. Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады», – деді Президент.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына барды.

Көп оқылғандар