Спорт

Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола жүлде алды

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін Украинаның спортшысы Снежана Онуфриевамен күресті. Белдесуде 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбек жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медалін иеленді.

Кеше ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 медальмен толықты. Оған дейін Айбек Айтбеков (-60 кг) пен Юсуф Ашрапов (-72 кг) чемпион атанған еді.

Көп оқылғандар