Сурет: ашық дереккөзден
Черногорияның Будва қаласында 16-27 қазан аралығында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында 10 салмақта барлығы 306 боксшы тіркелген. Бақыт Сәрсекбаевтың шәкірттері әр салмақта жүлдеге таласады.
Әділ Асқанбай 1/8 финалда Михайло Сидоренко (Украина) мен Безирген Аннаев (Түркіменстан) арасындағы жұптың жеңімпазын күтеді.
Айдос Үсенов Разван-Йонит Панейнтпен (Румыния) жұдырықтасады.
Данияр Ақбисенов 1/16 финалда Рубин Кларксон (Шотландия) – Сандро Капанадзе (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ақжүрек Қалабай Кун Вангпен (Қытай) айқасады.
Бибарыс Әшірбай Сантьяго Хименез Лоссоммен (Аргентина) кездеседі.
Әмір Рамазан Сухроб Рахматуллаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.
Тимур Тайбеков Гонсало Родригеспен (Португалия) айқасады.
Руслан Ахметов Николай Ивановпен (Болгария) кездеседі.
Еркетаң Жарқынбек 1/8 финалда Азанасиос (Грекия) – Рамиро Нунез (Мексика) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
Владислав Саможонов Хакан Дениз Коскунмен (Түркия) айқасады.
Қыздар арасындағы бәсеке 10 салмақта өтеді. Жарысқа барлығы 168 боксшы қатысады. Қазақстан барлық салмақта жүлдеге таласады.
Жадыра Қалтай 1/8 финалда Сиана Нонзфала (АҚШ) немесе Хамест Африкиан (Армения) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
Мадира Жұмақан 1/8 финалда Корин Мари Фави (Италия) – Доминика Внукова (Словакия) жұбының жеңімпазымен айқасады.
Жанель Имантаева 1/8 финалда Росие Свейлес (Шотландия) – София Нтилоу (Грекия) жұбының жеңімпазын күтеді.
Алина Құдайгенова Мейра Алвеспен (Бразилия) кездеседі.
Индира Қыдырмолдаева Азизахон Пазиловамен (Қырғызстан) айқасады.
Айсұлу Мұхит Мариан Тессиермен (Канада) жұдырықтасады.
Камила Оспанова Лорена Хорватпен (Хорватия) кездеседі.
Алтынгүл Аймахан ширек финалда Шенгжие Гонг (Қытай) – Аншика (Үндістан) жұбының жеңімпазымен жолығады.
Айдана Убайдуллақызы София Новиковамен (Украина) айқасады.
Зарина Толыбай Френцис Таафакимен (Тувалу) жұдырықтасады.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы 2024 жылы АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткізген тұңғыш әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс жүлде жеңіп алған.
Ертең, 16 қазан күні Қазақстан атынан аса ауыр салмақтағы Владислав Саможонов жарыс жолын бастайды. Оның қарсыласы – Түркиядан келген Хакан Дениз Коскун. Бәсеке Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Кешкі сессияда 7-жұп сынға түседі. +90 келі.
Мазмұнға өту
