Спорт

Шерзод Давлатов дзюдо рейтингінде үздік ондыққа енді

Сурет: Qazsporttv

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық Шерзод Давлатов 60 келі салмақта үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Qazsporttv мәліметінше, Ш. Давлатов 15-орыннан 9-орынға көтеріліп, 3263 ұпай жинаған.

Рейтинг көшбасшысы — 5180 ұпаймен әзірбайжандық Ахмад Юсифов. Екінші орында оның жерлесі Балабей Агаев (4823 ұпай), үшінші сатыда ресейлік Аюб Блиев (4600 ұпай) тұр.

Еске салайық, Бакуде өткен әлем чемпионатында Шерзод Давлатов 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанған.

Көп оқылғандар