Спорт

АПЛ аңызы Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады

Сурет: Instagram/d.satpayev

«Бернли» шабуылшысы Джейми Варди Қазақстан құрамасының форварды Дастан Сәтпаевтың өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Ол – жақсы, өте жақсы ойыншы», деді Варди жанкүйерлерге Дастан Сәтпаев туралы.

Футболшы жарақатынан кейін Чемпионшиптің тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы ойында алаңға оралды. Ол ойынның 74-минутында қосалқы құрамнан шықты. Кездесуде «Бернли» қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Команда келесі кездесуін 13 қазанда өз алаңында «Чарльтон Атлетикке» қарсы өткізеді. Қазақстан уақытымен матч 23:45-те басталады.

Джейми Варди 2015/2016 жылғы маусымда «Лестер Ситидің» Англия Премьер-лигасындағы чемпиондығына үлкен үлес қосып, 24 гол соққан. Сол маусымда ол турнирдің үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ Варди лигада қатарынан 11 матчта гол соғып, рекорд орнатқан. 2019/2020 жылғы маусымда 23 голмен Премьер-лиганың «Алтын бутсысын» иеленді.

Айта кетейік, Сәтпаев биыл «Бернлиге» жалға беріліп, команда сапында өнер көрсетіп жүр. Ол «Мидлсброға» қарсы ойындағы жарақатына байланысты бір айға жуық үзіліс алып, Ұлттар лигасы мен «Бернлидің» соңғы матчтарына қатысқан жоқ.

Көп оқылғандар