Сурет: depositphotos.com
Ресейдің Бурятия Республикасында апта ішінде елді мекендерге кіріп, тұрғын үйлерге жақындаған 51 аю ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осы уақыт аралығында жергілікті тұрғындардың шағымдары бойынша мамандар оқиға орнына 85 рет барған. Бурприроднадзор мәліметінше, мемлекеттік аңшылық инспекторлары мен аңшылар бригадалары халықтың барлық өтінішін тексеріп, аюлар жүрген аумақтарды зерттеген.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген аюлар жойылған. Мұндай жағдайлар Северобайкальск қаласында және республиканың бірнеше ауданындағы елді мекендерде тіркелген.
Жалпы, осы маусымда Бурятияда 397 аю ауланған. Өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жалғасып жатыр.
