Сурет: Жайық Пресс
Ұлттық ұлан Республикасының чемпионатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алатау қаласында әскери үшсайыс, жеңіл атлетикалық кросс, қашықтыққа жүгіру және жауынгерлік қарудан ату бойынша Ұлттық ұлан чемпионаты өтті. Жарысқа жеті команда құрамында 60-қа жуық әскери қызметші қатысты.
Үш күн бойы қатысушылар дене шыдамдылығын, жылдамдығын, дәлдігін және кедергілерді еңсеру дағдыларын көрсетті. Сайыс әркімнен жеке шеберлікті ғана емес, ортақ нәтиже үшін жұмыс істей білуді талап етті. Батыс гвардияшылары табандылық, тәртіп және командалық ұйымшылдық танытып, өз өңірлік қолбасшылығын лайықты түрде таныстырды.
-Соревнования прошли на высоком уровне. Все команды приехали хорошо подготовленными. Наши ребята и девушки приложили максимум усилий ради общего результата. До первого места нам немного не хватило. В следующем году намерены подготовиться ещё лучше и побороться за победу, – отметил начальник физической подготовки и спорта лейтенант Хамит Дузбатиров.
Чемпионат әскери қызметшілердің дене дайындығы мен жауынгерлік дағдыларын жетілдірудің, командалық рухты нығайтудың және салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды кезеңіне айналды.
Ұлттық ұлан Республикасы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
