Қоғам

Кенесары туралы даулы пікір айтқан студенттерге қатысты іс қозғалды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Қырғызстандық екі студенттің Кенесары хан жайында тікелей эфирде айтқан сөздеріне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін студенттердің тікелей эфирдегі пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Кейін қыздар қазақ халқынан кешірім сұрап, ешкімді кемсіту немесе қаралау мақсаты болмағанын мәлімдеді.

«Біз сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Қандай жағдай болмасын, өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайды. Біз ешқашан қазақ халқын кемсітуге немесе қаралауға мақсат қойған жоқпыз», деген еді олар.

Заңгердің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазақстан заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін мектеп формасына қатысты діни алауыздық тудырған қарағандылық мұғалім жұмысынан кеткен еді.

Көп оқылғандар