Қаржы

Қазақстанда кибералаяқтық 40%-ға азайды

Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда интернет-алаяқтық деңгейі үш жылда 40%-ға төмендеді, ал осындай қылмыстардың ашылу көрсеткіші 29,9%-ға артты. Зардап шеккендерге 5,9 млрд теңге өтелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің Антифрод-орталығының жұмысының арқасында соңғы жылдары жәбірленушілерге миллиардтаған теңге қайтарылып, 117 млрд теңгеден астам қаражат бұғатталды. Дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Заңнама мен қорғау шараларында бірқатар өзгеріс болды. Дербес деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітілді. Медициналық, банктік және өзге де маңызды деректері бар базаларға қол жеткізу үшін міндетті биометрия енгізілді. Ұйымдар азаматтарға деректердің тарап кеткені туралы хабарлауға міндетті болды.

Еңбек кодексіне қызметкерлерді кибергигиенаға оқыту бойынша нормалар қосылды, ал маңызды нысандардың қорғалуын қадағалау ҰҚК-ге берілді.

Азаматтарға тегін қызметтер де ұсынылған. EGov Mobile-дағы «Стопкредит» сервисі несие ресімдеуден ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік береді — 2026 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша ол 6,3 млн рет пайдаланылған. EGov-ке қол жеткізуді қадағалау қызметі деректерді өңдеуге келісім беруді тексеруге және кері қайтарып алуға мүмкіндік береді. NomadGuard деректердің тарап кетуін тексеруге және фишингтен қорғануға арналған. EGov және CitizenSec платформасында киберсауаттылық курстары бар.

Сарапшылар SMS кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеуді, сілтемелерді тексеруді және екі факторлы аутентификацияны қосуды ұсынады.

Бұған дейін ІТ-технология саласының маманы Әбутәліп Мүтәлі кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңетінін айтқан болатын.

Көп оқылғандар