Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда тұтынушылық кредиттер портфелінің өсу қарқыны айтарлықтай төмендеген. 2025 жылғы тамызда бұл көрсеткіш 14,6 пайыз болса, 2026 жылдың сәйкес кезеңінде 7,5 пайызға дейін төмендеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Агенттік төрайымы Мадина Әбілқасымова банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің басшыларымен және омбудсмендермен кездесу өткізді.
Өсім қарқынының баяулауына кепілсіз несие беруді шектеуге бағытталған шаралар ықпал еткен. Соңғы екі жылда қарыз алушылардың борыштық жүктеме коэффициентіне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда несие беруге тыйым салынды. Сондай-ақ тұтынушылық несие сомасына шектеу қойылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі төмендетілді.
Агенттіктің мәліметінше, алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер саны да азайған. 2024 жылы олардың саны 8,7 мың болса, 2026 жылы 1,9 мыңға дейін қысқарған.
