Сурет: ашық дереккөзден
Қазан айында ішкі нарыққа 1,239 млн тонна отын жеткізіледі. Бұл қыркүйектегі жоспардан (1,085 млн тонна) көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Reuters Энергетика министрлігінің отын жеткізу кестесіне сілтеме жасап, негізгі отын түрлері бойынша көлемдерді жариялады:
- Аи-92 бензині – 442 283 тонна (қыркүйекте – 282 253 тонна);
- Аи-95 бензині – 107 163 тонна (қыркүйекте – 123 870 тонна);
- дизель отыны – 610 172 тонна (қыркүйекте – 606 520 тонна);
- авиациялық керосин – 79 507 тонна (қыркүйекте – 79 081 тонна).
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдетілген бағамен берілетін дизель отынының көлемі екі есеге жуық азайып, қыркүйектегі 122 794 тоннадан қазанда 58 637 тоннаға төмендейді.
Биржада сатылатын авиациялық отын – 7 251 тонна. Дизель отынын электрондық сауда алаңдарында сату жоспарланбаған.
Ресей шикізатын өңдейтін «Конденсат» компаниясына бензиннің 37 309 тоннасын экспорттауға квота берілді. Оның ішінде 23 168 тоннасы – Аи-92, 14 141 тоннасы – Аи-95 бензині. Сондай-ақ компанияға 18 784 тонна дизель отынын экспорттауға рұқсат берілді.
Қыркүйек айында экспорт жоспары бойынша 41 508 тонна бензин және 6 649 тонна дизель отынын сыртқы нарыққа шығару көзделген.
