Қаржы

Доллар бағамы 453,93 теңгеге жетті

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 4,06 теңгеге өсіп, 453,93 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

KASE мәліметінше, 9 қазандағы таңғы саудада АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 453,10 теңге болған.

Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 456 теңгеден, ал Алматыда 457 теңгеден сатылды.

Ал Ұлттық банктің 9 қазанға белгілеген ресми бағамы 1 доллар үшін 448,94 теңге болып қалыптасты.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте доллар бағамы 444,88 теңгеге дейін төмендеген болатын.

Көп оқылғандар