Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің оңтүстік, солтүстік және шығыс аймақтарында күн ыстық болады. Батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстікте таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.
Ақтауда бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с, екпіні 12 м/с-ке дейін. Түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.
Атырауда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Қызылордада бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +30…+32°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +31…+33°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +32…+34°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.
Оралда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +14…+16°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +30…+32°C.
