Жайық news

Оралда «Оралым – асыл қалам» ән байқауы өтті

Сурет: Жайық Пресс

Орал қаласында «Оралым – асыл қалам» атты ән байқауы өтті. Оған Батыс Қазақстан облысының аудандарынан және көршілес Ақтөбе облысынан егде жастағы өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сахнада халық әндері мен жергілікті ақын-композиторлардың туындылары шырқалды. Байқауға 50 жастан асқан 13 ансамбль мен 24 жеке орындаушы қатысты. Олар жеке, дуэт, трио және вокалдық ұжым құрамында өнер көрсетті.

Қазылар алқасының мүшесі, Орал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубик Анесов іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

– На песенный фестиваль приехали участники даже из районов. Выступают большие ансамбли и сольные исполнители. Мы искренне благодарны организаторам. От имени Совета ветеранов Уральска и общественности выражаем признательность за эту инициативу. Надеемся, что такие фестивали и конкурсы станут доброй традицией, – подчеркнул он.

Ақтөбе облысынан келген «Ақ әжелер» ансамблі халықтық және патриоттық әндерді орындады. Ұжым жетекшісі Гүлжана Маханованың айтуынша, ансамбль Уил ауданының мәдениет үйі жанынан он жылдан астам уақыт бұрын құрылған. Олар республикалық байқауларда өнер көрсетіп, Бақыр Тажибаевтың 100 жылдығына арналған фестивальге қатысқан.

– В нашем репертуаре есть его песня «Ақбулақ» и композиция Ескендира Хасангалиева «Атамекен». Их мы также исполнили на конкурсе, – поделилась руководитель ансамбля.

Қаратөбе ауданының тұрғыны Мереке Сагидуллин 35 жылдан бері дәнекерлеуші болып еңбек етеді. Ол байқауға екі музыкалық туынды әкелді.

– Первое произведение – песня местного композитора Донедила Кажимова, второе – «Сәбі болғым келеді» на стихи Мукагали Макатаева. Ведь сама жизнь состоит из песни. Желаю всем крепкого здоровья и побольше песен, – сказал участник.

Байқау қорытындысы бойынша ансамбльдер арасында Гран-приді Орал қаласының «Асыл әжелер» және Ақтөбе қаласының «Ақмаржан ардагерлер» халықтық ұжымдары жеңіп алды. Жеке орындаушылар арасында Жәмиля Гатауова (Орал қаласы) мен Гүлжана Маханова (Ақтөбе облысы) үздік деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Көп оқылғандар