Сурет: Астана әкімдігі
Астанада «Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта Тәуелсіздік (Әл-Фараби) даңғылын салу» жобасы аясында 5-30 қараша аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жоба шеңберінде жол төсемін салуды қоса алғанда, құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.
«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, елімізде автомобиль жолдарын салу мен күтіп ұстаудың қалыптасқан тәсілдері қайта қаралмақ. Жолдың мерзімінен бұрын бұзылуына не себеп, құрылыс материалдарының сапасы қалай бақыланады, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы жолға қаншалықты салмақ түсіреді, мердігер атқарған жұмысына қалай жауап береді? Осы әрі өзге де мәселелер Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі кеңесте талқыланды.
Мазмұнға өту
