Сурет: Ақорда
Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Иордан Королі II Абдалла бен әл-Хусейннің ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
Сонымен қатар, 5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Мазмұнға өту
