Жайық news

БҚО-да жүргізуші мемлекеттік нөмірді өзгертіп, жауапкершілікке тартылды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөміріне өзгеріс енгізген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2026 жылғы 2 қарашада сағат 00:48 шамасында Озинки — Орал автожолында облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Zerek» жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешеннің көмегімен Toyota Hiace автокөлігін анықтады.

Жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне әріптік және цифрлық белгілерді айыруды қиындататын арнайы пленка жапсырғаны белгілі болды. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясы бес тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алуды және көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруды көздейді.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға немесе өзгертуге кез келген әрекеттің заңнаманы бұзу болып табылатынын және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Көп оқылғандар