Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің құттықтауын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесуде табыс етті. Құттықтауда өнер иесінің отандық мәдениет пен өнерді дамытуға, музыкалық мұраны дәріптеуге қосқан үлесі атап өтілді.
«Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды. Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз», делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевқа мықты денсаулық, отбасына бақ-береке және еліміздің рухани-мәдени мұрасын байыту жолындағы еңбегіне толағай табыс тіледі.
Мазмұнға өту
