Қаржы

4 қарашада доллар 452,91 теңге болды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша 4 қарашада доллардың орташа бағамы 452,91 теңгені құрады. АҚШ валютасы бір күнде 0,24 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық Банктің мәліметінше, валюта айырбастау орындарында доллар 452–453 теңгеден сатып алынып, 453,5–454,5 теңгеден сатылуда. Еуроны сатып алу бағамы 503–507 теңге, сату бағамы 508–511 теңге болды. Рубль 5,25–5,33 теңгеден сатып алынып, 5,35–5,45 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 3 қарашада доллардың орташа бағамы 453,26 теңге еді.

Көп оқылғандар