Спорт

Ута Абэ алтыншы рет әлем чемпионы атанды

Сурет: ашық дереккөзден

Жапониялық дзюдошы әрі Токио Олимпиадасының жеңімпазы Ута Абэ Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында тағы да алтын медаль иеленіп, алты дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

52 келіге дейінгі салмақта ол финалда Испания спортшысы Ариане Торо Солерді ұтты. Испаниялық дзюдошы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осы салмақта қола медальдарды тағы бір испаниялық Аюми Лейва Санчес пен италиялық Одетте Джуффрида жеңіп алды.

Бұған дейін Ута Абэ ересектер арасындағы әлем чемпионатында 2018, 2019, 2022, 2023 және 2025 жылдары чемпион болған. Жапониялық спортшы алдыңғы әлемдік титулын Будапештте жеңіп алып, финалда Косово өкілі Дистрия Красничиді ұтқан болатын.

Бакудегі әлем чемпионатының жеке жарыстары 10 қазанға дейін жалғасады. 11 қазанда аралас командалар арасындағы турнир басталады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының 1/8 финалында Ута Абэні жеңіп, чемпион атанған өзбек қызы Диёра Келдиёрова Бакудегі бәсекеге қатыспады. Ол 17-18 қазан күндері Ақтауда өтетін Азияның ашық кубогына қатысуды жоспарлап отыр.

Көп оқылғандар