Қаржы

Доллар 3 қарашада 453,26 теңгеге арзандады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша 3 қарашада доллардың орташа бағамы 453,26 теңге болды. Америкалық валюта бір күнде 0,22 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елордада доллар 457,01 теңгеден сатылып, 450 теңгеден сатып алынады. Еуроны 510 теңгеден сатуға, 500 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублі 5,23 теңгеден сатып алынып, 5,43 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 454,23 теңгеден сатылып, 452,26 теңгеден сатып алынуда. Еуроның сату бағамы 509,82 теңге, сатып алу бағамы 505,34 теңге. Рубль 5,23 теңгеден сатып алынып, 5,37 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 2 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 453,64 теңгені құраған болатын.

Көп оқылғандар