Әлем

Каспийде есірткі арнасының жолы кесілді

Сурет: istockphoto.com

Каспий теңізінде халықаралық есірткі тасымалының арнасы жойылды. Арнайы операция барысында бес адам ұсталып, жалпы салмағы 109 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қарашада Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментпен бірлесіп операция өткізді. Қайықпен қашуға әрекеттенген үш шетелдік азамат ұсталды. Сонымен қатар жағалауда Қазақстанның екі азаматы қолға түсті.

«Тексеру кезінде 22 келі апиын, 27 келі гашиш және 60 келі марихуана табылды. Бұған қоса, шағын жүрдек катер тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу туралы өзге ақпарат жария етілмейді», делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін Каспий теңізінде балықшылардың қайығынан ірі көлемде есірткі табылғаны туралы хабарланған болатын.

Көп оқылғандар