Сурет: Egemen Qazaqstan
Иран Ұлыбританияның MI6 барлау қызметін дұшпан ұйым деп танып, елдің Әскери-теңіз күштері мен Әскери-әуе күштерін террористік ұйымдар қатарына қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тегеран бұл қадамды Лондонның Ислам революциясы сақшылар корпусын (ИРСК) мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіретін ұйымдарға қатысты заңның қолданысына енгізуіне жауап ретінде жасады. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Иран астанасында Ұлыбританияның шешімін АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясын қолдауымен, оның ішінде оларға әскери базаларын ұсынуымен байланыстырды.
Мазмұнға өту
