Сурет: ҚКФ
Еркін күрестен 74 келі салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалда ол Ресей өкілі Иналбек Шериевке 4:10 есебімен жол беріп, екінші орынмен тоқтады. Ақтық сынға дейін Қайпанов төрт белдесуде жеңіске жетті: Косово балуаны Эгзон Джониді 10:0, әзербайжандық Туран Байрамовты 4:0 есебімен ұтты, ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадиннен 11:0 басым түссе, жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов өз жерінде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін ол 2024 жылы 70 келіде әлем чемпионы болған, сондай-ақ 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль иеленген.
Мазмұнға өту
